Өлеңдер ✍️

  05.06.2022
  140


Автор: Жарылқасын Аманұлы

МЕН БОЛЫП, ДОСЫМ, ҚАРАШЫ

Мен болып, досым, қарашы дарқан өмірге,
Мен болып, досым, қарашы барлық көңілге.
Араша түскін, жазықсыз жапа шексе жан,
Қайғысын оның көруің мүмкін өзің де.
Мен болып, досым, қарашы досқа, бауырға,
Мен болып, досым, қарашы көпке, қауымға.
Жамандық дайын, жақсылық жасап көрші бір,
Жақсылық етсең жамандық етпес жауың да.
Мен болып, досым, қарашы жатқа, танысқа,
Мен болып, досым, қарашы жақын, алысқа.
Алысың жақын, жақының алыс жат бауыр,
Болады екен ұлы өмір асау ағыста.
Мен болып, досым, қарашы ата-анаңа,
Мен болып, досым, қарашы жар мен балаңа.
Жадырап күліп, қатықсыз көже бір ішіп,
Отырған кезден байлығың кетсің садаға.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу