Өлеңдер ✍️

  05.06.2022
  99


Автор: Жарылқасын Аманұлы

БАРДЫ БАРҒА ТЕҢЕГІН

Барды – барға,
Нарды нарға теңегін.
Көтермейді қайық жүгін кеменің.
Ақылдымен бір туса да ақымақ,
Ақымақтың істей көрме дегенін.
Мұңлы мұңын
Мұңды ұғар, мұңайып.
Мұңсыздарға
Мұңынды айтсаң, бұл – айып!
Күліп тұрған достарыңа күліп бар,
Жылап тұрса,
Жылап бару лайық.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу