Өлеңдер ✍️

  05.06.2022
  120


Автор: Жарылқасын Аманұлы

ЕР ДЕ АРЫП, ЕҢКЕЙІП ТЫНАДЫ ЕКЕН

Ер де арып, еңкейіп тынады екен,
Тұлпар – тулақ, қозы көш – құла мекен.
Тас та еріп, табаның тайғанақтап,
Болат семсер майысып сынады екен.
Дер кезінде екен ғой барлығы да,
Дәуреңінде дәуірлеп тұрады екен.
Өзгермес жоқ өмірде, ей, ағайын,
Ғұмыр – аз күн жайқалған құрақ екен.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу