Өлеңдер ✍️

  05.06.2022
  89


Автор: Жарылқасын Аманұлы

ЖОҚШЫДАЙ ЖОҒЫН ІЗДЕГЕН

Жоқшыдай жоғын іздеген,
Жолаушы жанбыз біз деген.
Қалмады орман сүзбеген,
Қалмады сулар жүзбеген.
Жалыны қайтты, жаз өтті,
Жақындап қалды-ау күз деген.
Серілік,
Салдық көрік бар.
Серуен салсақ, ерік бар.
Уақыт жаңа, көбік қар,
Өзгерер өмір, өрік тал.
Аласың болса алып қал,
Бересің болса беріп қал.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу