Өлеңдер ✍️

  05.06.2022
  147


Автор: Жарылқасын Аманұлы

ЖОЛДАС БОП ЖҮРДІМ ТАЛАЙ

Жақсымен, жаманмен де,
Жомартпен, сараңмен де.
Жолдас боп жүрдім талай,
Адалмен, араммен де.
Жаманның кесірінен,
Қағылдым несібімнен.
Жаттан дос, жақын таптым,
Жақсының есімімен.
Жомартпен жолым болды,
Төрден сый орын болды.
Сараңнан алғаным жоқ,
Бергенім сорым болды.
Адалға сыр ақтардым,
Шер басып жылап та алдым.
Арамза алдап соғып,
Тік тұрып құлап қалдым.
Көңіл қап сараңдардан,
Алданып арамдардан.
Жүрсем де, ажыратпа,
О, тағдыр адамдардан.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу