Өлеңдер ✍️

  05.06.2022
  175


Автор: Жарылқасын Аманұлы

ЕСЕПСІЗ КҮНДЕ АДАММЕН ЖОЛЫҒАМЫН

Есепсіз күнде адаммен жолығамын,
Таныстар көше бойы тобыр ағын.
Кездесіп біреуіне – жадырасам,
Кездесіп біреуіне – торығамын.
Сұраса біреулері амандықты,
Сөздері біреуінің балаң тіпті.
Жалақы не қызмет, пәтерің деп,
Анықтар диплом мен мамандықты.
– Құдай-ау, дедің тағы болам ақын,
Жеріңдің жемісіңнен оңалатын, –
Дейді де кейбіреуі, – кітап үшін
Қанша, – деп тамсанады, – қалам ақың?
Біреулер өлеңінді алған жаттап,
Жатқа айтып, жаба тоқып, жатар мақтап.
Біреуі құрдаспыз деп өңеш қағып,
Жоқ, десең – шыға келер балағаттап.
Есепсіз күнде адаммен жолығамын,
Таныстар көше бойы тобыр адам.
Кездесіп біреуімен – жадырасам,
Кездесіп біреуіңе – торығамын.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу