Өлеңдер ✍️
Өлеңдер ✍️
05.06.2022
95
ТІЛЕК
Кім болсаң да, қуанам болғаныңа,
Болғаныңа – тұғырға қонғаныңа.
Адам түгіл ағаштың жапырағы,
Табан асты жатпасын жолда мына.
Замандаспыз, арман бір алаңдатқан,
Кезікпендер кесірге табандатқан.
Бақыт түгіл қайғыңды бөлісемін,
Маған қалай батпайды саған батқан.
Маған қалай батпайды саған батқан,
Ортақ бізге туған жер бабам жатқан.
Адам күні адаммен, кім болсаң да,
Кім болсаң да аман бол жаман аттан!
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter