Өлеңдер ✍️
Өлеңдер ✍️
05.06.2022
159
БАЛАПАНДАРЫМ МЕНІҢ
Біріңе, балам, көзімнің оты дарыған,
Сұрқиялар мен сұмдардың жүзін қарыған.
Біріңе, балам, дарыған пейілім жарыған,
Пейілі кеңдер арыған емес, арыған.
Біріңе, балам, мінезім аумай ұқсаған,
Жауға да керек, дауға да керек сұсты адам.
Біріннің қабақ, біріннің қасың тартыпты,
Балапандарым менің ұшпаған.
Әп-сәтте-ақ ұшып, балапандарым, менің кетерсің,
Мен жетпес белге, мен жетпес жерге жетерсің.
«Қарызың, әке, біздерде бар ғой», – десеңдер,
Қарызын бұрын халқыңның туған өтерсің.
Қайғы да болар халқын сүйген жүректе,
Жүректе қайғы бола ма, ойсыз күнелтсе.
Қарақан басын күйіттеп жүрген сорлымен,
Сендерді тағдыр алжасып, егер бір етсе –
Күнімді менің түн еттің.
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter