Өлеңдер ✍️
Өлеңдер ✍️
05.06.2022
117
ҰМЫТСАМ ДЕЙМІН
Ұмытсам деймін,
Дұшпанның таба жаласын,
Дұшпансыз кімді табасың?
Керегі қанша жаңғыртып,
Жаныңның ескі жарасын.
Ұмытсам деймін,
Ортайған, толған кездерді,
Мадақтау, қанқу сөздерді.
Өзгермей одан өмірім,
Олардың бәрі өзгерді.
Ұмытсам деймін,
Өкініш, наза, өкпені,
Өкінткен кездер көп мені.
Жақсылық білмес жаманның,
Жаныма батты сөккені.
Ұмытсам деймін,
Ұмыта алсам барлығын,
Туғандай болып дәл бүгін.
Өткені құрсын, өкініш,
Өртене берме, жан гүлім.
Ұмытсам деймін:
Барлығын бастан өткеннің,
Әсерін күздің, көктемнің.
Ойлай да ойлай сарғайдым,
Түбіне ойдың жеткен кім?
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter