Өлеңдер ✍️

  05.06.2022
  175


Автор: Жарылқасын Аманұлы

ЖАСАЙМЫН ДЕП МЕНМЕНДІК

Жасаймын деп менмендік, сыйласардан айырылдым,
Тәкаппарлық етем деп, қанатымнан қайрылдым.
«Ұлымын» деп өзімді, ұлтан бола жаздадым,
Мен де бірі екенмін қатардағы жай ұлдың.
Көріктімін деуші едім, қораш екем көзге де,
Шешенмін бе деп едім, шорқақ екем сөзге де.
Асыл торқа кием деп тым асылық жасаппын,
Менен де артық жүр екен қолы жетпей бөзге де.
Асып-тасып шалқыппын алақанның күсіне,
Қарным тойып балқыппын, ас түскенге ішіме.
Өзгелерден өзімді артық санап жүрсем мен –
Ақымақтық, ойсыздық, асқандықтың ісі де.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу