Өлеңдер ✍️

  05.06.2022
  136


Автор: Жарылқасын Аманұлы

ТОЙЫМ ЖОҚ-АУ

Тойым жоқ-ау бұл шіркін көңілге де,
Сонша жомарт болды екен өмір неге.
Алтын тапсақ, кетеміз айырбастап,
Қолаға да, мысқа да, темірге де.
Ие болу һәм қиын сенімге де,
Бұл уәде болды екен тегін неге?
Тыңдырмастан бір ісін бір кісінің,
Дәмегөй қып жүреміз көбін неге?




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу