Өлеңдер ✍️
Өлеңдер ✍️
05.06.2022
152
ЖАСАНДЫ БОЛА АЛМАДЫМ
Жасанды бола алмадым,
Қасанды бола алмадым.
Аяқтан мені шалғанды,
Аяқтан шала алмадым.
Сүйіндім жаны жақсыға,
Күйіндім ары тапшыға.
Жәдігөйлерге жақпадым,
Жағымпазданбадым басшыға.
Шындығын айттым шындықтың,
Мұңлығын айттым мұңлықтың.
Қулығын айттым қулықтың,
Сұмдығын айттым сұмдықтың.
Жалтарыс болмас жырымда,
Қалтарыс болмас сырымда.
Жазады деме жалғандық,
Өлсем де мына ғұмырда
Айтатын шындық жетерлік,
Айтатын міндет көтердік.
Айта алмасаң аулақ кет,
Ақынмын деуің бекерлік.
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter