Өлеңдер ✍️
Өлеңдер ✍️
05.06.2022
115
КҮНДЕМЕЙМІН
Құмар деме біреуді жылатуға,
Жұбатуға дайынмын, сұра, тума.
Әуестігім тағы жоқ, әлсіреген,
Дұшпан екеш дұшпанды құлатуға.
Жүрген жоқпын біреуден асайын деп,
Тасайын деп, көңілін басайын деп.
Қолдан келсе, мен жүрмін барлығыңа,
Барлығыңа жақсылық жасайын деп.
Ешбіріңді, азамат, күндемеймін,
Гүлде мейлің, көкке ұш, күнге мейлің.
Сендер жақсы болсандар, мен де жақсы,
Мені жаман десең де үндемеймін.
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter