Өлеңдер ✍️

  05.06.2022
  107


Автор: Жарылқасын Аманұлы

САБЫР

Сақтадым сабыр бәріне,
Не айтса да досым, дұшпаным.
Төзімім жетсе әлі де,
Өзімді бекем ұстармын.
Көрмедім керіп көкірек,
Арнадан көңіл асса да.
Қойнымды аштым кеңірек,
Жалт беріп туыс қашса да.
Шуақтай болып төгіліп,
Жамандық жанға етпесем.
Кім шығар қарсы тебініп,
Ауытқып өзім кетпесем?




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу