Өлеңдер ✍️
Өлеңдер ✍️
05.06.2022
146
АҚЫНДАРДЫҢ АЙНАСЫ
Ақындардың айнасы – жалтылдаған жанарлар,
Сенбесеңдер – өмірге ақын болып қараңдар.
Қараңдаршы, әнекей, ана көздің сырларын,
Сыршыл бол да, қанекей, соны барып тыңдағын.
Көрдіңдер ме төгілген ана көздің мұңдарын?
Ақын жанды бол дағы, соны да бір тындағын.
Анау көздің ішінен таптым тоқтау, жұбаныш,
Мына бір көз ішінде шақырады қуаныш.
Әне бір көз ішінде лап-лап еткен махаббат,
Жебе етіп кірпігін атып қалмақ қалқалап.
Ана көздің ішінде жұтынады құштарлық,
Сонау көздің ішінде долданады дұшпандық.
Мына көздің ішінде жазып алар жырым бар,
Қане-қане, жігіттер, былай таман тұрындар.
Не боп кетті, немене? –
Деп сұрайтын кімің бар?
Білгің келсе барлығын, ақын болып туындар!
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter