Өлеңдер ✍️
Өлеңдер ✍️
05.06.2022
103
ӨРМЕЛЕП КЕЛЕМ
Өрмелеп келем өмірдің асқар шыңына,
Биігім шыққан – аласа қырдан секілді.
Тым биік санап, біреулер мұны да,
Айналып басы, тұра алмай төмен секірді.
Біреулер шығып басыңа құзар шыңдардың,
Созады қолын жетпекші болып айға да.
Төменде біреу құламай тіпті тұрғанын,
Шүкірлік етіп қарайды түпсіз сайға да.
Қашаннан осы өзгермес заңы өмірдің,
Дауласып ешкім жатпас-ты мұны бекер деп.
Сондықтан адам өмірге деген сеніммен,
Жоғалтпай мәңгі тіршілік жүгін көтермек.
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter