Өлеңдер ✍️
Өлеңдер ✍️
05.06.2022
107
СЕНДЕЙ-АҚ БОЛСЫН ӘР АҚЫН
Қазақтың әрбір ақыны,
Сендей-ақ болсын дер едім.
Айтпай-ақ қойдым атыңды,
Тұрған соң айтып өлеңің.
Сезіммен шайқап тереңді,
Түйінін ойдың шешесің.
Өрнектеп өлмес өлеңді,
Сөзіңмен тасты кесесің.
Патшасын сөздің аспанға,
Сендей-ақ ақын көтерсін.
Жасыннан енді жасқанба,
Жасын боп өзің өтерсің.
Үлкенді-кіші бар халық,
Айтады жатқа жырыңды.
Жырыңды сансыз арна ғып,
Шертіпсің мұң мен сырыңды.
Жыл сайын түлеп жаңғырып,
Самғадың, дала түлегі.
Жырыңды сенің мәңгілік,
Халқынның сақтар жүрегі.
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter