Өлеңдер ✍️

  05.06.2022
  253


Автор: Наурызбек САРШАЕВ

САРЫ ГҮЛ

Аласармайтын арманы,
Сағыну жалған заңы бұл,
Үйіңде сенің бар ма əлі,
Мен теріп берген сары гүл?
Шалынар көзге шалғайдан,
Нəзік ең, нəркес гүлге тең,
Сағынышымдай сарғайған,
Сары гүл солмай тұр ма екен?!
Өзіңе деген антым бұл,
Айналып кеткен түп гүлге.
Сезімі деп сары ақынның,
Су құйып баптап күттің бе?!
Болайын сенің кең далаң,
Кеудеме өссең гүл құсап.
Гүл сыйлап едім,
Сен маған,
Мұң сыйладың-ау бір құшақ!
Соры ма бастың, бағы ма,
Үлгердім саған гүл беріп.
Айта алмай қалдым тағы да,
Тілінгір тілім күрмеліп.
Білдірмесем де бəрібір,
Кеудемді менің кезді үміт.
 Қолыңда тұрды сары гүл,
Сезімді тілсіз сездіріп.
Аласармайтын арманы,
Сағыну жалған заңы бұл.
Үйіңде сенің бар ма əлі,
Сары ақын берген сары гүл?!




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу