Аңыздар ✍️

  04.06.2022
  199


Автор: Ескен Елубаев

ҚЫРЫҚАЯҚТЫҢ КҮЙI

Көпшiлiктiң жүретiн
Мазағы боп,
Қырықаяқтың көрмеген
Азабы жоқ.
Тұрмыс нашар, жетедi
Қай жағына:
Қырық бəтеңке алған соң
Аяғына.


Бауын байлап, кигенше
Күн батады,
Бауын шешiп, жатқанша
Таң атады.
Көптiгiнен аяқтың
Күйi қашар,
Қырықаяқтың көретiн
Күнi нашар,
Не қонаққа, не тойға
Бара алмайды.
Аяқ киiм сыймас деп
Алаңдайды.
Баласы бар, қызы бар,
Жұбайы бар,
Үйi толы бəтеңке,
Құдайым-ай.
Мен айтайын егерде,
Бiлмесеңiз,
Аяқ киiм үйiнде
Бiрнеше жүз!
Сонда да ол мойымай
Тəубе етедi:
Тiрi болып жүргенге
Не жетедi...




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу