Өлеңдер ✍️
Өлеңдер ✍️
04.06.2022
268
Сиям менің кейде қара, кейде қызыл, кейде көк...
Сиям менің кейде қара, кейде қызыл, кейде көк,
Сол сияны күтіп жатқан қағазым да үйде көп.
Ойлар-ойлар түйдек-түйдек келіп қалса кимелеп,
Қара сия қарайтпай ма көңілімді күйгелек.
Қызыл сия жүрегімнің қызыл қаны секілді
Қорғансызға ара түсер: «тиме, тиме, тиме!!!» – деп.
Қып-қызыл қып шимайласам ашық қалған беттерді,
Көкшіл сия əкетеді көк аспанға сүйрелеп.
Тіршіліктің тауқіметі кеткен кезде үймелеп,
Түрлі түсті сиялардан дəметпеймін сый бөлек.
Оқыған жан алар танып жазулардың мəн-жайын,
Біз де бір кез өліп-өшіп, күйіп-жанып сүйген ек...
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter