Өлеңдер ✍️
Өлеңдер ✍️
04.06.2022
286

СИЯ
Сия – көктің нұры ма
Тұратын жауып көктен,
Əлде бұлттың сүті ме
Түсірген сауып көктем.
Əлде құдық суы ма
Түйеден ауып кеткен?!
Сия – ғарыш тасы ма,
Түсті ме ағып көктен,
Бармағымның басына
Таңбасын салып кеткен,
Əлде көздің жасы ма
Қағазға тамып кеткен?!
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇