Өлеңдер ✍️

  04.06.2022
  128


Автор: Ақылбек Шаяхмет

ҚАЙШЫЛЫҚ

Баршылық пен жоқшылық,
Кеңшілік пен таршылық,
Көпшілік пен азшылық,
Жамандық пен жақсылық,
Меңмендік пен қоршылық,
Ысырап пен молшылық,
Адалдық пен арамдық,
Жарық пенен қараңғы,
Тұрғанда күн, ай шығып,
Таусылмайды қайшылық.
Неше түрлі жол шығып,
Алдан қазған ор шығып,
Тұтқиылдан тор шығып,
Өзіңнен де зор шығып,
Тəннен қызыл қан шығып,
Кеткенінше жан шығып,
Жата бермей жаншылып,
Көрсетпесең қарсылық,
Шыға алмасаң аршылып,
Таусылмайды қайшылық.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу