Өлеңдер ✍️
Өлеңдер ✍️
04.06.2022
118

Неге отырмын тым-тырыс?
Неге отырмын тым-тырыс?
Ауыз – қынап, тіл – қылыш.
Жүзеге асар ойыма алған мүмкін, іс,
Қында жатып тат баспасын деп тіле,
Болып жатса іркіліс.
Кейбіреулер:
«Қылышыңды сермемей, –
дейді маған, – жүр тыныш!»
Су болған соң от алмаған білтедей,
Санаға да керек екен сілкініс.
Сыртқа шықпай қоймайды
Іште жатқан бұлқыныс.
Сөз тығылып жатқан жоқ,
Айтылған сөз – атқан оқ,
Мақсатына жетсем деген ұмтылыс.
Бал жаласа – шығаратын тəтті сөз,
У жаласа – шығаратын ащы сөз,
Қиып өтер тіл-қылыш.
Неге отырмын тым-тырыс?
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇