Өлеңдер ✍️
Өлеңдер ✍️
04.06.2022
104
ЕЛЕУІШ
Пойыз заулап барады...
Купе ішінде отыр біреу өзеуреп.
Кедір-бұдыр жолды есіме салады
Бетіндегі безеу көп.
Құлақ қойсаң сөзіне,
Сабынды су жатқан-сынды көпіріп,
Шындығы бар тура айтатын көзіңе,
Қалғандары өтірік
Таусылды ғой тағат та,
Тағы қандай көк мылжыңға кез қылды?
Тоқтап қалған сағат та
Тəулігіне екі рет
Тұп-тура қып көрсетеді мезгілді.
Қиын, қиын мақсатыңды іздерде
Ажырату өтірік пен шындықты.
Ел ішінде жетпей жатыр біздерге
Еленбеген елеуіштей бір мықты.
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter