Өлеңдер ✍️
Өлеңдер ✍️
04.06.2022
311
ПАТША-КӨҢІЛ
Аяз бидей биім жок,
Кең сарайдай үйім бар.
Дұшпаныма күйім жоқ,
Достарыма сыйым бар.
Патша-көңілі əркімнің
Өз биігін ойлайды.
Бірақ, өмір, тəртібің
Құл болмасқа қоймайды.
«Еңбек қыл да, міндет қыл!» –
Деген болса бабамыз,
Ошақ басым гүлдеп тұр,
Кетіп қайғы-наламыз.
Қиял қайда құлшынды?
Айхай, үйім, ақ сарай!
Жұмыс қылсам құл-сынды,
Тынығамын патшадай.
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter