Өлеңдер ✍️

  04.06.2022
  148


Автор: Ақылбек Шаяхмет

Аңсайды енді жаным

(он бір буынды жыр)
Ақыры оқу бітті, жұмыс қалды,
Сəл ғана көңіл шіркін, тынышталды.
Қыс өтіп кетсе-дағы, алайда мен,
Сағынып тұрғандаймын күміс қарды.
Кейде ойлар иірімге батырады,
Жолдарым жүрілмеген жатыр əлі.
Өмірдің заңы осындай: бір қырды ассаң,
Көлбеңдеп екінші қыр шақырады.
Ғажайып үлкен еді əлем нендей,
Жайлар көп жатқан əлі дəлелденбей.
Аңсайды енді жаным əлденені,
Көйлегін ауыстырғыш əйелдердей.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу