Өлеңдер ✍️

  04.06.2022
  111


Автор: Ақылбек Шаяхмет

Өмір мен көрген...

(бес буынды жыр)
Миым биікте,
Аузым төменде,
Көзге күйік пе,
Дертті жөн емдеу.
Қайттік енді біз,
Жөтел – тамақта,
Кірпік – сүңгі мұз,
Қырау – қабақта.
Аяқ ауырлап,
Қолым салдырап,
Туып сан сұрақ ,
Алдым дамылдап.
Төзім сарқылса,
Бұрып бүйрегім,
Өкпем алқынса,
Өрге сүйредім.
Жүрек егіліп,
У-шу дабырдан,
Кетті сөгіліп
Берік қабырғам.
Басты тасқа ұрды,
Көңіл сергелдең,
Тағы састырды
Өмір мен көрген...




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу