Өлеңдер ✍️
Өлеңдер ✍️
04.06.2022
97
Тасып-толған көңілді жасытатын жандар бар...
Тасып-толған көңілді жасытатын жандар бар,
Ғашық болған өмірді ашытатын жандар бар,
Жанып жатқан көмірді өшіретін жандар бар,
Түгендеп түп-тегіңді, өшігетін жандар бар,
Төккен жерде теріңді есіретін жандар бар,
Көзге де ілмей еліңді, есілетін жандар бар,
Асыңды ішіп, аяққа түкіретін жандар бар,
Төрде отырып таяққа жүгіретін жандар бар.
Адам баспас маңайын, сол жандардың талайын,
Төбемізге шығарған өзіміз ғой, ағайын.
Жүргендердің есіріп, бар қылығын кешіріп,
Қатемізді отырмыз енді ғана кеш ұғып.
Жер бетіне дөңгелек шыққанда күн өрмелеп,
«Шаңыраққа қара!» – деп айта алатын Ер керек!
Бөлмеңіздер сөзімді тұс-тұсымнан жамырап,
Киесі атар езіңді қасиетті Шаңырақ!
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter