Өлеңдер ✍️

  04.06.2022
  117


Автор: Ақылбек Шаяхмет

КЕСІР ӨЛЕҢ

Сен мені, оқырманым, кешіре көр,
Сөз сұлу, түзу болса есім егер.
Кей-кейде өң бойымды ыза буып,
Кетеді жазғым келіп кесір өлең.
Жарасар не десе де батыр ұлға,
Жүрген жан мықтылардың тақымында,
Түбінде жағынудың жөні осы деп,
Қойнына салары хақ қатынын да.
Бездірген өз үйінен ата-анасын,
Алдында құрақ ұшса аталасың,
«Итсің!» – деп, ит екенін көзіңе айтпай,
Үйіңде қалай тыныш жата аласың.
Болады қияқ, қоға көл болған соң,
Ездер де кездеседі ел болған соң,
Болады бейпіл ауыз əкімдер де,
Боқтықты телефонда қолданған соң.
Елжіреп елім десе ет-жүрегім,
Болса екен халқым аман деп тіледім.
Алдыңда басшылардың көп отырып,
Айналып көтеншегім кетті менің.
Талай сыр, талай жырға кезігерсің,
Көргенсіз бір ақынның сөзі дерсің.
Ұқпаған Абайымды сорлы қазақ.
Боқтаймын десе мені, өзі келсін.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу