Өлеңдер ✍️
Өлеңдер ✍️
04.06.2022
108
ЕЗІЛДІ ҒОЙ БАУЫРЫМ
Əруақ қонып, нар шөккен, бие байлап, тал сөккен,
Сыпырғыш қып қаңбақты, тобылғыны қамшы еткен,
Жара қылған сауырын, қайран, менің ауылым,
Құлазыған кейпіңе езілді ғой бауырым.
Көгал қайда ойнаған, құлын қайда байлаған,
Тап-тақыр боп кетіпті шаңы шығып айналам.
Ел жайлаған қоңысын келешектің соры үшін,
Ту-талақай қылыпты қазағым мен орысым.
«Болған іске бекін!» – деп, көріп жатыр шетін көп,
Қажып-талған мына жұрт қашан жетіп, жетілмек?!
Болса да сан тосқауыл, түскен жерге тас та ауыр,
Маңырайды тасада жетім қозы – тасбауыр...
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter