Өлеңдер ✍️
Өлеңдер ✍️
04.06.2022
111
Əрбір күні бағалы болған жандай қылтамақ...
Əрбір күні бағалы болған жандай қылтамақ,
Түгесіліп барады алдымдағы күнпарақ.
Байланғандай көгенге жүрмей қалса қаламым,
«Не тындырдың?» – дегенге жауап таппай қаламын.
Алып қашқан асаумен жағаласып жүргенде,
Өмір, шіркін, бос əуре, кетеді өтіп бір демде.
Жо-жоқ, досым, жалғасқан тіршілігің əуре емес,
Күн мен түні алмасқан мына жалған мəңгі егес.
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter