Өлеңдер ✍️
Өлеңдер ✍️
04.06.2022
127
Мұсылманның баласы...
Мұсылманның баласы,
Əр жерде құр күңкілдеп,
Шарасыздық шарасы
Толып кетті лүпілдеп.
Баста дəурен тұрғанда,
Сайран қылар шамаң жоқ.
Заман түлкі болғанда,
Тазы болған адам көп.
Былай қалды іс тағы,
Сүйкімсіздер сүйреңдеп,
Көне тері пұшпағы,
Енді қашан иленбек?!
Таусылар деп уайым бар,
Құлағанша қалжырап,
Жүре берер жайым бар,
Жаман тоным жалбырап.
Жон-арқамнан тер шығып,
Түгесілмей ой-қайғы,
Аузымды ашсам, шер шығып,
Іш қазандай қайнайды...
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter