Өлеңдер ✍️

  04.06.2022
  192


Автор: Ақылбек Шаяхмет

Жігіттер бар жүрістері тым суыт...

Жігіттер бар жүрістері тым суыт,
Жұмыстары қым-қуыт.
Қолдан келмес нəрсеге де ұмтылып,
Сөз сөйлейді жұлқынып,
Қайдан бұлар келе жатыр асығып,
Бара жатыр арттарынан кім қуып ?!
Көздегені бақ па, шен бе, дəулет пе,
Кұмарта ма сəулетке.
Бас пайдасы үшін салып дау көпке,
Не қалайды əулетке?!
Кейде ойлайсың:
Жақсылыққа дос аз ба,
Жамандыққа жер бетінде жау көп пе?!
Қанағатсыз болсаң дəйім тар мекен,
Алдым биік жар ма екен,
Жеген асым күнде жая-жал ма екен?!
Шүкір, шүкір...
Көрешегім алда екен.
Өмір заңы осы дейсің...
Бұл заңды
Қолын қойып, бекіткен жан бар ма екен...




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу