Өлеңдер ✍️
Өлеңдер ✍️
04.06.2022
187
СӘБИЛЕР
Балалар-ай, сезімі игі, ойы таза, пəк көңіл,
Сендерменен сүйкімді ғой, сендерменен тəтті өмір,
Қиялдарың қанаттанған тым сенімді, əрі ізгі,
Өздеріңсіз өмірдің де қызығы жоқ тəрізді.
Балдырғандар сөйлегенде балдай тілмен былдырлап,
Тіршілікке жарасады көңілді əуен, күллі ырғақ.
Сəбилердің шат күлкіден қызса ойын-базары,
Кəрі-жастың құлпырып бір сала берер ажары.
Өзі қонған бақыт құсын кімдер қолдан ұшырмақ,
Қандай жақсы нəрестенің ұйықтағаны пысылдап,
Оларды ертең құрметтейді, оларды ертең таниды ел,
Жазғытұрғы жауқазындай келеді өсіп сəбилер.
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter