Өлеңдер ✍️

  04.06.2022
  122


Автор: Ақылбек Шаяхмет

Кеудеме толып нұр-сенім...

Кеудеме толып нұр-сенім,
Селдеттім келіп жыр селін.
Ботадай боздап жырларым,
Шарлады Арқа қырларын.
Зымырап өтіп белдерден,
Сырғанап өтіп көлдерден,
Күркіреп менің дауысым
Аралап кетті тау ішін.
Жаңғырып шыққан сол дауыс
Болса да маған алданыш,
Сыңғырлап ерке бұлақтай,
Ұстатпай кетті-ау сынаптай.
Əдемі деген сол əнім
Екен ғой дауысы даланың.
Даламның жүйрік өлеңін
Мен əлі қуып келемін.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу