Өлеңдер ✍️
Өлеңдер ✍️
04.06.2022
117
ТАУДА
Ақ таяқпен тауға шықтым,
Ерке бұлақ, қайда асықтың?
Ақ қайың мен əппақ қойтас,
Мекені ғой сан ғашықтың.
Бұл жайлауды кім білмейді,
Шегірткелер шүлдірлейді.
Қыран бүркіт шаңқ-шаңқ етіп,
Қара тастар күмбірлейді.
Өзінсің деп айтар əнім,
Қарлыққанша айқайладым.
Жаңғырыққан дауысымды
Жақпар тастар қайталады.
Тау биікте, дала қашық,
Ақша бұлттар ала қашып,
Үміт, күдік жағаласып,
Ернеуінен барады асып.
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter