Өлеңдер ✍️

  04.06.2022
  289


Автор: Ақылбек Шаяхмет

ТӘУЕКЕЛ

Барлық өмір тəуекелден тұрады,
Нар тəуекел!
Адамдардың ұраны.
Болам десең елден ерек, көңілді,
Оның да аты Тəуекел.
Қалауымша құрам десең өмірді,
Оның да аты Тəуекел.
Өзен, жатса арнасынан тасып көп,
Оның да аты Тəуекел.
Ару қызға қалсаң кенет ғашық боп,
Оның да аты Тəуекел.
Сапар шексең көз көрмеген алысқа,
Оның да аты Тəуекел.
Көк кемесі ұшып жатса ғарышқа,
Оның да аты Тəуекел.
Нар тəуекел!
Адамдардың ұраны,
Барлық өмір тəуекелден тұрады.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу