Өлеңдер ✍️
Өлеңдер ✍️
04.06.2022
183
СОҒЫСТАН ҚАЙТҚАН СОЛДАТ
Қара жол үсті ақ шаңдақ,
Келеді бір жан ақсаңдап.
Көргенде шолақ аяғын,
Жанардан кетті жас парлап.
Тас тисе ағаш шықылдап,
Балдағы кетер құтыңды ап.
Дыбысы сыңар аяқтың
Естілді қатты тықылдап.
Оқ та жоқ таңда бораған,
Қайғы жоқ жанға жолаған.
Кетпестен көзім алдында
Тұр, бірақ, менің сол адам.
Жолыққан оған əуелі,
Келбеті тіптен əдемі,
Майданда ерін жоғалтқан,
Бір жесір əйел бар еді.
Құмартып жүрген əр адам,
Келіншек жарды қалаған,
Қолтықтан сүйеп жүретін
Бір аяқ болып ол оған.
Жүректер жанып, жалындап,
Жастықтың күнін сағынбақ.
Өркенін жайып өмірде,
Келеді қатар адымдап.
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter