Өлеңдер ✍️

  04.06.2022
  88


Автор: Ақылбек Шаяхмет

СЫР

«Соғыс салған жарақатың жоқ, құрбым,
Бірақ оны көп жазасың», – деп күлдің.
Соғыс жайлы киноларды көп көрдім,
Актерлермен бірге жылап, қайғырып,
Қанды айқасты мен де бастан өткердім.
Көп оқыдым соғыс жайлы жырларды,
Көп естідім аналардан мұңлы əнді,
Талай көрдім ұлын жоқтап тұрғанды,
Жесірлер мен жетімдердің көз жасы,
Əлі кеппей көз алдымда тұр мəңгі.
Балдай тəтті тіршілікке иемін,
Ашық аспан əлемін мен сүйемін.
Бетін аулақ қылсын қара күйенің.
Жер сілкінсе, қобалжиды жүрегім,
Бұлтты күні сырқырайды сүйегім.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу