Өлеңдер ✍️

  04.06.2022
  87


Автор: Ақылбек Шаяхмет

Сырқат жандай хал-жайым...

Сырқат жандай хал-жайым,
Шабыт келген шақтар аз.
Жаңа жауған қардайын
Алдымдағы ақ қағаз.
Қалса қалам кідіріп,
Тоңазиды бар денем,
Қар астында көміліп
Қалған-сынды əлдеңем.
Тумаса да күнде жыр,
Күтіп жырдың пырағын,
Естілер деп бір дүбір,
Елеңдейді құлағым.
Қалса жырым сарқылып,
Кетпес пе едім аң қуып,
Омбы қарға малтығып,
Жүрмей ме атым шалдығып.
Ел таңырқап қарайды, ə,
«Қалды ғой, – деп, – алқынып»,
Жүрегімде, алайда,
Ізгі сезім бар тұнық.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу