Өлеңдер ✍️
Өлеңдер ✍️
04.06.2022
136

КӨҢІЛ
Ой мен қырды шарлаған кезбе көңіл
Істегісі келеді өз дегенін.
Ойлағаның алайда, бола бермес,
Мүлт кетеді көбіне көздегенің.
Үміт етіп қол жетпес айдан көңіл,
Ғарышта да құрасың сайран, көңіл,
Құл қыласың адамды, қайран, көңіл,
Болмаса да көк тиын пайдаң, көңіл.
Күтіп тұрған бақ па, əлде сор ма, көңіл,
Көзге түскің келеді, жорға-көңіл.
Тізгінді тарт.
Құлақ сал ақыл-қартқа,
Бүйте берсең жығарсың орға, көңіл.
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter