Өлеңдер ✍️

  04.06.2022
  116


Автор: Ақылбек Шаяхмет

Ыза қылса, ырза қылар біреуі...

Ыза қылса, ырза қылар біреуі,
Шипа болар айтқан сөзі – шын емі.
Мына мені кесапаттан не түрлі
Сақтап жүрген жақсылардың тілеуі.
Толқығанда бұл өмірдің теңізі,
Тарылғанда тіршіліктің дəлізі,
Алған беттен, мақсатымнан қайтпасам,
Демеп жүрген жанкүйердің лебізі.
Өсекшінің болғанымен жапасы,
Жердің бетін жыртса шындық соқасы.
Құйын, дауыл, боран, аяз, жел, селден
Қорғап жүрген жанашырдың батасы.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу