Өлеңдер ✍️
Өлеңдер ✍️
04.06.2022
309

Көлікті жүруші едік жолдан көріп...
Көлікті жүруші едік жолдан көріп,
Үй маңы жыпырлаған толған көлік.
Алады көздің жауын жалтылдаған
Астында əркімдердің болған көлік.
Көлікке мінбеген бар, мінген де бар,
Жете алмай бір көлікке жүрген де бар.
Адамдар баяғыда көліксіз де
Жай басып, жайбарақат жүрген болар.
Адамға атқа мінген желік бітіп,
Баптайды астағы атын сеніп, күтіп.
Заманы Жаяу Мұса кетіпті өтіп,
Біз тұрмыз жол бойында көлік күтіп...
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇