Өлеңдер ✍️
Өлеңдер ✍️
04.06.2022
139

Бас изеуші көбейді
Бас изеуші көбейді
Ханның сөзін мақұлдап,
Жүрген адам не дейді
Бидің сөзін ақылға ап.
Ие болса үйде де,
Бала-шаға жым болған,
Ханға қазық, биге де
Тоқпақ керек күн болған.
Аршып, жуып алмаса,
Сөздің бəрі кен емес,
Елге себі болмаса,
Хан айтса да жөн емес.
Ел наласы мұңайтпай,
Ағайынға ес кірмес,
Құлдың сөзін би айтпай,
Ешкім елеп-ескермес.
Болған бұрын үлгілі,
Қазағымда күй бар ма.
Биді айтасың, бұл күні
Би түсетін үй бар ма?
Жүрген жоқсың бал жиып,
Ойлан, қазақ, дұрыстап.
Оң қолыңды хан қойып,
Сол қолыңды би ұстап.
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇