Өлеңдер ✍️

  04.06.2022
  93


Автор: Ақылбек Шаяхмет

Жалған сөзге бармасам да тегі мен...

Жалған сөзге бармасам да тегі мен,
Кейбіреге суайт болып көрінем.
Ойламаған жерден кетті ши шығып,
Өзім білген шындықты айтып беріп ем.
Келмесе де өзімді өзім ақтағым,
Содан кейін жолдасыма жақпадым.
Сол досыма жалған сөйлеп бірде мен,
Мағынасыз керісуден сақтадым.
Жақсылыққа қашан болсын үлгіргем,
Үмітімді серік қылып жүрдім мен.
Ал өмірді лайлаған, бүлдірген,
Өтірік пе, шындық па, əлде, кім білген?!




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу