Өлеңдер ✍️

  04.06.2022
  302


Автор: Ақылбек Шаяхмет

Ауа райын сұрап алдың...

Ауа райын сұрап алдың,
Суық жел жоқ, аспан ашық.
Мінезіндей кей адамның
Тек қар жатыр жолды басып.
Жүрген кезде көше бойлап,
Талай рет жығылғанмын.
Беті – əппақ, асты – тайғақ,
Мінезіндей кей адамның.
Ақ көрпесін жамылыпты
Жатыр еді дірілдеп қыр.
Күншуақты сағыныппын,
Күннің көзі күлімдеп тұр.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу