Өлеңдер ✍️
Атамекен – бірлігімнің айғағы,
Атамекен – бірлігімнің айғағы,
Ана тілім – тірлігімнің қайнары.
Адам азып, бірлік тозса, сол жер де
Боп кетпей ме көрінгеннің ойнағы.
Төрде отырған талай-талай жырынды,
Босағада телміртем деп тілімді,
Мені қанша тұншықтырып келсе де,
Өшіре алмас жүректегі үнімді.
Жүрек үні – жыры болар ананың,
Жүрек үні – тілі болар баланың,
Ұл-қыздарым осы тілде тілдессе,
Жүрек үні – сыры болар даланың.
Тілім менің ірілердің ырысы,
Желкесінде жатбауырдың қылышы.
Жалаңаяқ қарды кешіп жүрсе де,
Бола білген тірілердің тынысы.
Мұзды суға батып шыққан осы тіл,
Абақтыға жатып шыққан осы тіл.
Ғашығына бал тамызса тілінен,
Удың өзін татып шыққан осы тіл.
Екі аяғың, екі қолың – осы тіл,
Келген жерің, жүргең жолың – осы тіл,
Өмір бойы жиған қорың – осы тіл,
Ішкен асың, киген тоның – осы тіл.
Осы тіл ғой маңдайдағы көзің нұр,
Өз тіліңді сыйламасаң өзің біл.
Нағыз соқыр, нағыз мылқау, саңырау,
Ешуақыт өзін өзі танымау
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter