Өлеңдер ✍️

  04.06.2022
  349


Автор: Ақылбек Шаяхмет

Əдептен асып, озбаған...

Əдептен асып, озбаған,
Өкпесін көпке созбаған,
Дəстүр мен салты киелі
Ғасырлар бойы тозбаған,
Атасы өлсе аңырап,
Ботасы өлсе боздаған,
Қамығып айтқан жоқтауы
Көңілдің дертін қозғаған,
Даланың сырын білсе де,
Қырсығы да бар аздаған,
Алданып қалып жүрсе де,
Үйірден безіп, азбаған,
Жауға да орды қазбаған,
Жігері оттай маздаған,
Қонақты күліп қарсы алған
Қазақты көрсем мəз болам!




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу