Өлеңдер ✍️

  04.06.2022
  126


Автор: Ақылбек Шаяхмет

Бақыты үшін жасарған жер үстінің...

Бақыты үшін жасарған жер үстінің,
Атқарылып жатыр ғой көп іс бүгін.
Өлшемі жоқ сезімнің саған деген,
Қарашыққа орнаған кеңістігім.
Мерейіңді көтерсе шабытты үнім,
Құдіретін даланың аз ұқты кім.
Кең жайылған мейманға дастархандай
Жатырсың-ау көсіліп, жазықтығым!
Алуан түске боялған жалау-далам,
Қызыл іңір кезінде алаулаған.
Жусан иісі аңқыған қырларыңа
Зор мəртебе сүйсіне қарау маған.
Жүрегімде сыр болса асыл бөтен,
Қандай адам өзіңнен жасырды екен?!
Таусылмайтын бақ болып, ырыс болып,
Қалдың орнап кеудемде, жасыл мекен.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу