Өлеңдер ✍️
Өлеңдер ✍️
04.06.2022
113

ҚАЗАҒЫМ МЕНІҢ
Жайнаған гүлдеп еліміз мынау,
Жемісін əлі терерсіз.
Қонса да кейде қабаққа қырау,
Қазағым менің тəуелсіз.
Астық па біздер басқадан, бірақ,
Сұрарсыз, бəлкім, менен сіз,
Қөп елдер бізге түреді құлақ,
Қазағым менің тəуелсіз.
Төменде жүрдік, Кеденге кірдік,
Болмайды еш зат дəлелсіз.
Нарықтың енді бағасын білдік,
Қазағым менің тəуелсіз.
Ауады көштің жүгі де кейде,
Сынақты талай көрерсіз.
Ұлтымның салты болса егер үйде,
Қазағым менің тəуелсіз.
Шыққанда топқа салады бəрін,
Болмайды жігіт өнерсіз.
Тартады күйін, шырқайды əнін,
Қазағым менің тəуелсіз.
Бұрын да солай жəне де бүгін
Тарқамас той да өлеңсіз.
Ақындар жатқа оқыса жырын,
Қазағым менің тəуелсіз.
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter